{metadescription}
Павлодарлықты соққыға жыққан жігіт түнде көлік астына тығылып қалған

Павлодарлықты соққыға жыққан жігіт түнде көлік астына тығылып қалған

Павлодарда мас адамның кейпіне енген 20 жастағы күдікті ұсталды.

2020 жылдың 25 қаңтарында кезекті демалысында жүрген полиция лейтенанты Асылбек Мұхтизаров үйіне қайтып келе жатады. Оның назары көшеде жүгіріп келе жатқан жігітке түседі, ол жол патрульдік полициясының сиренасын естіген бойда, автотұраққа қойылған көліктердің бірінің астына тығылып қалған. Жас жігіттің бұл әрекеті полицейдің күдігін оятты. Өйткені сағат түнгі 3 болатын.

Тәртіп сақшысы көлік астына тығылып үлгерген қашқын жігіттен көлік астында не істеп жатқанын сұрайды. Бірақ жауап ала алмаған ол жігіттің аяғынан сүйреп шығарады. Осы сәтте күдікті мас адамның кейпіне енеді. Асылбек 102-ге хабарласып, патрулдік көлікті жіберуін сұрайды. 

Тәртіп сақшыларының мәлімдеуінше, 20 жастағы күдікті 31 жастағы павлодарлықты соққыға жығып, оқиға орнынан із суытпақ болған. Қатты соққы алған ер адам ауруханаға жатқызылды. Оқиға ҚР ҚК 107 бабына сәйкес "Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция лейтенанты Асылбек Мұхтазияровтың оперитвтілігі мен қырағылығының арқасында қылмыс жасаған күдікті ұсталды. Айта кетсек, тәртіп сақшысы 2012 жылдан бастап Павлодар облыстық ПД жол патрульдік полициясында қызмет етеді.

Дереккөз. Skifnews.kz 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.