{metadescription}
Ауғанстанда 83 жолаушысы бар ұшақ құлады

Ауғанстанда 83 жолаушысы бар ұшақ құлады

Ауғанстанда Ariana Afghan Airlines әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады.

Ауғанстанның шығысындағы Газни провинциясында Ariana Afghan Airlines әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Ariana News хабарлауынша, алдын ала мәлімет бойынша, бортта 83 адам болған. Газни губернаторының өкілі оқыс оқиға Дех Як ауданында болғанын нақтылады.

Дереккөздің мәліметінше, оқиға орнына арнайы мамандар жіберілді. Ariana News телеарнасы апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағы Гератадан Үндістан астанасы Делиге ұшып бара жатқанын мәлімдеді. Айта кетерлігі, Ariana Afghan Airlines Ауғанстан ұлттық әуе компаниясының өкілдері Газни провинциясындағы лайнердің апатқа ұшырағаны туралы хабарламаны жоққа шығарды.

 

Кеше

22 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.