{metadescription}
Коронавирустан қаза тапқандар саны 106 адамға жетті

Коронавирустан қаза тапқандар саны 106 адамға жетті

Қытайда бір тәулікте науқастар саны 1,7 мың адамға артып, 26 адам қаза тапты.

Елде 4515 диагноз расталса, 6,9 мың адам ауруға шалдығуы мүмкін деген күдікке ілікті. Бір тәуліктің ішінде Қытайдың 30 провинциясында, автономды аудандарында және қалаларында ауру жұқтықтарғандар саны 1771 адамға өсті. 515 науқас ауыр халде жатса, 26 адам көз жұмды (Хубэй провинциясында – 24, Бейжіңде – 1, Хайнаньда – 1). 9 науқас ауруханадан шығарылды, 2077 адам жаңа коронавирус жұқтырды деген күдікке ілікті.

Соңғы деректерге сәйкес, Қытайда коронавирусқа шалдыққандар саны 4515 адамды құрады. Одан 106 адам қаза тапты. Қытай Үкіметінің мәліметінше, 976 адам ауыр жағдайда жатыр, 60 науқас жазылып, ауруханадан шығарылды. Бұдан бөлек, 6973 адам коронавирусқа шалдықты деген күдік бар. Ал ауру жұқтырған адамдармен тығыз байланыста болған 44132 адам медициналық бақылауда. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.