{metadescription}
Ақтөбе облысында пышақталған мектеп оқушысы ауруханаға түскен

Ақтөбе облысында пышақталған мектеп оқушысы ауруханаға түскен

Кеше, қаңтардың 27-сіне кешке қарай Шалқар аудандық ауруханасына 2004 жылы туған оқушы ауыр жарақатпен түскен.

Бұл ақпаратты Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратты. Ақпаратқа қарағанда, пышақталып, іш құрылысы қатты зақымданған оқушыға Ақтөбе қаласының дәрігерлері санавиациямен барып, операция жасаған.

Оқиғадан бұрын, Шалқардағы Әліби Жангелдин атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушылары арасында жоспарлы тәрбие шарасы өткізілген. Ауыр жарақаттанған Еркебұлан Дәрібаев осы мектептің 9 сынып оқушысы. Шарадан шыққан оқушылар Ақорда мейрамханасының жанындағы № 2 мектеп гимназияның 9-10 сынып оқушыларымен кездесіп, жанжалдасқан.

Атөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова Шалқарда мектеп оқушыларының жанжалдасқанын растады. Оның айтуынша, №2 мектептің 6 оқушысы тергеуге алынған. Полиция әзірге ақпарат берген жоқ.

Дереккөз: azattyq.org

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.