{metadescription}
Елордада Қытайдан ұшып келген қыз ауруханаға жатқызылды

Елордада Қытайдан ұшып келген қыз ауруханаға жатқызылды

Қытайдан келген 2003 жылы туған қыз жоғары температурамен Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханаға жатқызылды.

«Бүгін Бейжіңнен ұшақ келді. 2003 жылы туған қыз қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Бұл оқиға бүгін таңертең болды. Клиникалық симптомдардың белгісі жоқ. Оның дене қызуы 37,4 және тамағы жыбырлап тұрды. ЖРВИ болуы мүмкін», - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Әлия Рүстемова. 

Қыз бала Бейжіңде ғана болған. Қала сыртына шықпаған. Ол қазір ауруханада тексерістен өтіп жатыр. Бүгін нәтижелері белгілі болады. Сонымен қатар, білім беру басқармасының қызметкерлері Қытайдан бір ай көлемінде келген адамдарға қоңырау шалып жатыр. Егер жөтел мен дене қызуы көтерілсе, оған дәрігер барады. Елордалық емханалар демалыссыз таңғы 8:00 ден кешкі 20:00-ге дейінгі жұмыс істеу режиміне көшті.

Естеріңізге сала кетейік, 4 адам ауруханаға жіті респираторлық вирустық инфекция диагнозымен жатқызылғаны туралы хабарлаған едік. 

Кеше

22 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.