{metadescription}
Атырау облысында шекарадан 380 қап насыбайды алып өтпек болған

Атырау облысында шекарадан 380 қап насыбайды алып өтпек болған

Атырау облысында шекара арқылы заңсыз 380 қап насыбайды алып өтпек болған Дағыстан тұрғыны ұсталды.

«Экономикалық контрабанда фактісі РФ Астрахань облысымен шекарада «Құрманғазы» шекара бекетінде ресейлік нөмірлі «КамАЗ» көлігін тексеру кезінде анықталды. Машинадан ірі көлемдегі темекі өнімдері – құжаттары жоқ насыбай табылды. Барлығы 15 тонна 580 келі болатын 380 қап болған», - деп хабарлады №2016 әскери бөлімінің баспасөз қызметі.

Хаттама толтырылғаннан кейін жүргізуші – Дағыстан тұрғыны мен насыбай Құрманғазы аудандық полиция бөліміне жіберілді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде