{metadescription}
Ер адам пойыздың алдына құлап түскен баланы денесімен жапты

Ер адам пойыздың алдына құлап түскен баланы денесімен жапты

Куәгерлер әкесі де, қызы да өлетін болды деп ойлаған, бірақ пойыз өте шығып, оларға ештеңе болмаған.

Дегенмен қыз есеңгіреп, біраз уақыт жүре алмай қалған көрінеді. Мысыр тұрғыны Исмаилия қаласының вокзалында пойыз жақындап қалғанда теміржол платформасынан құлап түскен баланы денесімен жауып, құтқарып қалды. Оқиғаның видеосы жексенбіде әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Роликтен екі адамның платформа мен пойыз жүретін жолдың арасында жатқанын көруге болады.

Бұл видеоны мен түсірдім деп мәлімдеген студент Аля Ибрагим порталға оқиғаның қалай болғанын баяндап берді. Оның айтуынша, әкесі мен қызы қателесіп басқа перронда тұрған, ал оларға қажет пойыз келгенде, бір перроннан секіріп, екіншісіне шығып, оған мінуге тырысқан.

"Қыз абдырап қалды, көтеріліп үлгермеді, ал жолмен пойыз келіп қалды. Әкесі оған секіріп түсіп, оны денесімен жауып жата қалды", - дейді Ибрагим.  

Оның сөзіне қарағанда, куәгерлер әкесі де, қызы да өлетін болды деп ойлаған, бірақ пойыз өте шығып, оларға ештеңе болмайды. Дегенмен қыз есеңгіреп, жүре алмай қалған көрінеді, бірақ 15 минуттан кейін есін жиып, жиналған жұрттың бәрі тараған. Мысырдың теміржол басқармасындағы дереккөз басылымға мұндай оқиғаның болғанын растады.

Бірақ, оның мәліметінше, жолға қыз емес, ұл бала құлаған. Сонымен бірге дереккөз баланың әкесі платформалар арасындағы жерасты өткеліне барғысы келмей, ең қауіпті әдіспен жолды кесіп өтуге шешім қабылдағанын атап өтті.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.