{metadescription}
Қытайдан Қазақстанға келген тағы 6 азамат ауруханаға жатқызылды

Қытайдан Қазақстанға келген тағы 6 азамат ауруханаға жатқызылды

Ақмола облысында Қытайдан Қазақстанға оралған бір отбасы ауруханаға жатқызылды.

Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. 

«Бүгін сағат 11-дегі ақпаратымызға сәйкес, елімізде 4 науқас стационарға орналастырылды. Қазіргі таңда Алматы қаласындағы екі науқас медициналық көмек алғаннан кейін стаицонардан шығарылды. Сонымен қатар Атырау облысының Қызылқоға ауданында 1 науқас бар. Ол ЖРВИ диагнозымен ем алып жатыр. Нұр-Сұлтан қаласында таңертең Қытайдың Бейжің қаласынан келген 16 жастағы оқушы елордадағы Балалар инфекциясы ауруханасының стационарына жатқызылды. Оған инфекционист консультанттардың қорытындысы бойынша ЖРВИ диагнозы қойылды. Бала қазір ем алып жатыр», - деді Бекшин.

Оның айтуынша, бүгін Алматы қаласында түстен кейін 1 науқас дене қызуымен ауруханаға орналастырылған. Ал Ақмола облысында Хайнаньда демалыста болған бір отбасы мүшелері толықтай стационарда ем алып жатыр . Аталған отбасының 3 баласының екеуінде дене қызуы көтерілген.

«Себебі үшінші балада да ауру белгілері болды. Әке-шешесінде ондай белгілер жоқ. Бірақ, тығыз қарым-қатынаста болғаннан кейін онда да ауру белгілерінің анықталуы ықтимал», - деді ол.

Бас санитарлық дәрігер ауруханаларда медициналық маскалар жеткілікті екендігін атап өтті.

«Сонымен қатар біз әртүрлі медициналық маскаларды, бірреттік және кәсіби костюмдерді, вирусқа қарсы препараттарды, диагностикалық жабдықтар мен материалдарды шұғыл түрде сатып аламыз. Сонымен қатар отандық өндірушілерге дәке таңғыштарды жаппай өндіруге тапсырыс берілді», - деді Жандарбек Бекшин

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.