{metadescription}
Ер адам 2 миллион доллар ұтып алғанын білмей, лотерея билетін қалтасына салып жүрген

Ер адам 2 миллион доллар ұтып алғанын білмей, лотерея билетін қалтасына салып жүрген

АҚШ-тың Колорадо штатындағы Пуэбло қаласының тұрғыны қомақты ұтыс алып келген лотерея билетін бір апта бойы қалтасына салып жүрген.

Қаңтар айының басында АҚШ-тың Пол Т. есемді тұрғыны Литлтон қаласындағы супермаркеттен лотерея билетін сатып алады. Билет ұтыс алып келген, бірақ американдық азамат бір аптадан кейін білген. Осы уақыт бойы билет оның шалбарының қалтасында жүріпті. Осылайша ол екі миллион доллардың иегері атанды. 

Соңғы уақытта Полдың отбасы ақша жағынан қатты қиналып жүрген көрінеді. Олардың бар қаражаты оқу және емге жұмсалып келген. 2019 жылдың өзінде ер азаматтың жақындарына үш ота жасалыпты. Оған қоса баласының колледждегі оқу ақысын төлеу керек болған. Ұтыс иегерінің сөзінше, ол жұмысын зейнетке шыққанша жалғастыратын көрінеді. Айта кетерлік жайт, Пол лотерея билетін сатып алған супермаркет те үш мың долларлық сыйақыға ие болыпты. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде