{metadescription}
Жапония тұрғыны қытай туристерінен коронавирус жұқтырған

Жапония тұрғыны қытай туристерінен коронавирус жұқтырған

Жапония үкіметі сейсенбі күні қытайлық жаңа коронавирусты жұқтырған тағы екі адамның анықталғанын мәлімдеді.

Оның бірі - Ухан қаласына ешқашан бармаған туристік автобустың жүргізушісі. Жапония денсаулық сақтау министрі Катсунобу Катоның айтуынша, айдың басында 60 жастағы туристік автобус жүргізушісі Уханнан келген бір топ туристерді алып жүрген. Батыс Жапонияның Нара прекфектурасында тұратын жүргізушіге сенбі күні пневмония деген диагноз қойылып, емханаға жатқызылды.

Екінші азамат - 40 жастағы Ухан тұрғыны. Ол 20 қаңтарда Жапонияға келген. Ол да өкпе ауруына шалдыққан. Осылайша, Жапонияда инфекция жұқтырғандар саны алты адамға жетті, оның біреуі Ухан қаласына бармаған. Министрлік екі жаңа науқаспен байланыста болған адамдардың денсаулығын тексеріп жатқанын мәлім етті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде