{metadescription}
Батыс Қазақстанда екі снаряд табылды

Батыс Қазақстанда екі снаряд табылды

Батыс Қазақстан облысында екі снаряд табылды.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 26 қаңтар күні Қазталов ауданы Қараөзен ауылдық округінде орын алды. «Қазақия» ЖШС қорықшысынан Жас ауылынан үш шақырым жерде «Сарышығанақ» қыстағы маңынан әуе бомбасына ұқсас снаряд тауып алғаны жөнінде хабар түскен. Снарядтың ұзындығы 150 см, диаметрі 40 см.

Қазталов ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері де аталған жарылғыш затты тексеру және айналаны қарау барысында дәл осындай тағы бір снаряд тапты. Ұзындығы мен диаметрі де бірдей. Барлық қауіпсіздік шаралары алына отырып, аталған аумақ қоршалды. Снарядтар арнайы саперлар және мамандардың көмегімен жойылатын болады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.