{metadescription}
Атырауда жолаушылар бір тәуліктен бері Ақтөбеге ұша алмай отыр

Атырауда жолаушылар бір тәуліктен бері Ақтөбеге ұша алмай отыр

29 жолаушы Атыраудан Ақтөбеге ұшатын ұшақты бір тәуліктен бері күтіп жүр.

«Біз төртінші тәулікті жолда өткізіп отырмыз. Нұр-Сұлтан қаласынан Air Astana рейсімен Ақтөбеге жексенбі күні таңертең ұштық. Ақтөбеге дейін жетіп, елордаға оралдық. Әуежай бізді қабылдамайтынын айтты. Кейіннен Ақтөбеге Air Astana ұшағының жақын арада ұшпайтыны белгілі болды. Бірақ Qazaq Air ұшақтары ұшады. Біз осы рейске билеттер сатып алып, дүйсенбі күні таңғы сағат үште Ақтөбеге ұштық. Олар қаланы айналып өтіп, Атырауға кеше кешке жетті. Дүйсенбі күні бізге сағат 23.45-те ұшамыз деп хабарлады. Бірақ рейс тоқтатылды», - деді жолаушылардың бірі Гүлнәр Жұмабекова.

Оның айтуынша, бұл рейс кей жолаушылар үшін сәтсіз болған. Жексенбіде ұшақ Ақтөбеден Нұр-Сұлтанға қайтып келе жатқаны туралы хабарланған кезде бортта үрей пайда болған. Жолаушылардың біреуінің қан қысымы көтерілсе, екіншісінің жүрек талмасы ұстаған. Қандай да бір себептермен борт қызметкерлері дәрі-дәрмек қобдишасын бермеген, деп жазады ҚазАқпарат. Борттағы дәрігерлер қолда бар құралдармен жолаушыларға көмек көрсетуге мәжбүр болған.

«Біз барлық 29 жолаушыны қонақ үйге жайғастырдық. Тамақпен қамтамасыз еттік. Ауа райы бұзылмаса және әуежай қайтадан жабылмаса, бүгін Оралдан борт келіп, 21.20-да олар Ақтөбеге ұшады деп күтіп отырмыз», - деп хабарлады Qazaq Air әуе компаниясының атыраулық өкілдері.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.