{metadescription}
Қытайдан келген тағы 20-дан астам азамат ауруханаға жатқызылды

Қытайдан келген тағы 20-дан астам азамат ауруханаға жатқызылды

Қазақстанға Қытайдан 20-дан астам азамат оралды.

Қазақстандық 20 азамат Гуанчжоу мен Құлжа қалаларында болып қайтқан. Олар Панфилов ауданында орналасқан "Нұр жолы" пунктінен шекарадан өтіпті. Тепловизор құралымен тексеріс барысында екі азаматтың дене қызуы көтеріліп тұрғаны анықталған. 

"Олар дереу түрде басқаларынан алшақтатылып, Панфилов ауданы ауруханасының инфекциялық бөлімінің арнайы боксына орналастырылды. Дәрігерлер сараптамалық жұмыстар жүргізуде. Бұған қоса автобуста болған тағы 19 адам бақылауға алынып, госпитальға жатқызылды", - делінген ресми хабарламада. 

Бұған дейін Сыртқы істер министрінің орынбасары Қазақстан Қытаймен шекараны жаба алмайтындығы туралы мәлімдеген еді. Сөзінше, Қытайда 1300 қазақстандық азамат жүр екен. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.