{metadescription}
Ер адамның миы он жыл бойы құрттап келген

Ер адамның миы он жыл бойы құрттап келген

Америкалық бір тұрғын он жыл бойы миындағы құртымен өмір сүріп келген.

Белгілі себептермен аты аталмаған пациент жайлы деректі Американың CBS.21 ақпарат агенттігі таратты. АҚШ-тың Техас штатында бір тұрғын футбол матчы кезінде есінен танып құлайды. Осыдан кейін ол ауруханаға барып, бірнеше ай бойы басының қатты аурып, жүрегі айнитынын, жиі есінен танып қалатынын айтқан.

Сараптама оның миында ұзындығы шамамен төрт сантиметр болатын бір бөгде дененің бар екенін көрсеткенімен, ешқандай қауіпті ісік белгісін байқамаған. Тиянақты талдау жасағаннан кейін ғана әлгі адамның миында шошқа денесінде болатын таспақұртты анықтайды.

Науқас осыдан біраз жыл бұрын Мексикада жүрген кезінде шала қуырылған шошқа етін жегенін есіне түсірген. Сірә, шошқа паразиті сол кезде адам ағзасына өтуі мүмкін. Миға жасалған операциядан кейін таспақұрт алынып тасталды, қазір пациент толық айығып кеткен.

Ғалымдардың айтуынша, шошқа етінде болатын таспақұрт әдетте адамның ішегіне орналасады, бірақ кейде миға да өтіп кетеді екен. Мұндай жағдайда оны анықтау өте қиынға соғады, өйткені сырқат белгілері басқа патологиялық дерттерге ұқсап, дәрігерлерді көп жағдайда жаңылыстырады екен.

Бұған дейін Қытайдың Цзянси провинциясының тұрғыны 30 жыл бойы он сантиметрлік миқұртымен өмір сүргені белгілі. Ол кезде дәрігерлер құрттың таза емес ағын суды ішкеннен ағзаға кіріп кетуі мүмкін деп болжаған еді.

Дереккөз: nege.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде