{metadescription}
Шуда коронавирус жұқтыруы мүмкін екі қытайлық пойыздан түсірілген

Шуда коронавирус жұқтыруы мүмкін екі қытайлық пойыздан түсірілген

Жамбыл облысындағы Шу темір жол станциясында коронавирус жұқтырды деген күдікпен екі Қытай азаматын пойыздан түсіріліп, ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлердің тексеруінен кейін, екі жолаушының дені сау екені анықталған. Желіде Шу қаласының вокзалында коронавирус жұқтырды деген күдікпен пойыздың тоқтатылғаны туралы мәліметтер тараған. WhatsApp мессенджері арқылы куәгерлер оқиға орнында түсірілген суреттерді таратқан, онда дәрігерлер арнайы костюмдер киіп, пойызға қарай жүгірген. 

"Түшкіре бергеннен соң күдік келтіріліп, Қытай азаматтары аудандық жұқпалы аурулар ауруханасының бөліміне жеткізілді. Азаматтарды тексеру кезінде вирус белгілері болмағаны анықталды. Жағдай бақылауда. Ауданда қауіпті инфекциялардың алдын-алу үшін арнайы жабдықталған жедел жәрдем көлігі бар. Босқа дүрлікпеулеріңізді сұраймыз", - дейді Шу ауданының әкімдігіндегілер.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.