{metadescription}
Қарағанды облысында үш жігіт газдан уланып көз жұмды

Қарағанды облысында үш жігіт газдан уланып көз жұмды

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында үш жігіт улы газға тұншығын ажал құшты.

28 қаңтарда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне 22-23 жас аралығындағы үш жігіттің өлімі туралы хабарлама келіп түсті.

«Тұншықтырғыш газдан зардап шеккендер жедел жәрдем келгенше көз жұмған. Полиция қызметкерлері келгенде оларда биологияқ өлім тіркелген», - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жігіттер қазандық ғимаратында тұншықтырғыш газдан уланған.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, 22-23 жас аралығындағы жігіттер иіс тиіп ажал құшқан. Бұл факті полицияда тіркелген, оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп мәлімделген Polisia.kz сайтында.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде