Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Бір жасар қызды туыстары ұрып өлтірген
Қырғызстанда сот-медициналық сараптама Ясина есімді бір жастағы қызды ұрып өлтіргенін анықтады.
17:16 29.01.2020
Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қызметіне Ак-Суй ауданы милициясының басшысы Ұлан Канаев хабарлады.
"Біз сот-медициналық сараптама нәтижесін алдық. Онда бір жастағы қызды ауыр затпен ұрғаны айтылған. Жергілікті сарапшылар тергеудің қосымша екі сауалына жауап бере алмай отыр, сол себепті Бішкекте тағы бір сараптама жасалады. Тергеу жүріп жатыр", - деді Канаев.
Қызды оның нағашы әжесі 10 қаңтарда түнде Ак-Суй аудандық ауруханасына суық тиді деп алып келген. Дәрігерлердің айтуынша, қыз есін жимастан қайтыс болған. Марқұмның әжесі немересінің ауырып өлгеніне сенбей, милицияға арызданған. Өйткені ол қыздың денесі көгергенін байқаған.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram