{metadescription}
Алдағы күндері үскірік аяз болады

Алдағы күндері үскірік аяз болады

Қазгидромет 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығына ауа-райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанда қар мен бұрқасын тоқтайды. Себебі Оралдан суық антициклон ығысады. Алдағы үш тәулікте ауа райы жауын-шашынсыз, қаңтар айына тән қатты аяздар болады.

"Солтүстік, орталық және шығыста түнгі аяз минус 25…30°С, кей жерлерде минус 35°С-қа дейін жетеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде минус 5…10°С, кей жерлерде минус 13…22°С аязға дейін суытады. Ал батыста жылы атмосфералық фронттар ығыса бастайды. Жаңбыр мен жылбысқы қар болады. Ауа температурасы күрт жоғарылайды", - дейді мамандар. 

30-31 қаңтарда Нұр-Сұлтанда күн ала бұлтты болады. Ал 1 ақпанда ашылады. Түнде ауа температурасы -23-26 градус аралығында. Күндіз -15-19 градус аяз.

Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашын болмайды. Түнде сынап бағанасының көрсеткіші -9 градустан төмен түспейді. Күндіз -7 градус, 1 ақпанда +1 градусқа дейін көтеріледі. Шымкентте 30 қаңтар -1 ақпан күндері күн ашық болады. Түнде – 3-9, ал күндіз +10 градусқа дейін жылынады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде