{metadescription}
Павлодарда мектеп мұғалімінің қылмысы әшкере болды

Павлодарда мектеп мұғалімінің қылмысы әшкере болды

Жыл басталғалы Павлодар облысында 29 интернет-алаяқтық тіркелген.

Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Павлодар облысында 2020 жылдың қаңтарынан бастап полиция бөлімінде ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жасалған алаяқтықты анықтау үшін мамандандырылған жедел-тергеу тобы құрылды. Топ құрамына жедел уәкілдер мен тәжірибелі тергеушілер кірді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Қыздардың атынан кредит рәсімдеген 23 жастағы павлодарлық ұсталды. Ол Instagram әлеуметтік желісі арқылы қыздармен танысып, Ресейде бизнеспен айналысып жүргенін және шұғыл түрде ақша керек екенін айтқан. Өзінің картасы жоқ екенін айтып, жантүршігерлік оқиғаларды ойлап тапқан. Қыздар WhatsApp мессенджері арқылы фотосы мен жеке куәлігін суретке түсіріп жіберген", - дейді департаментте.

Жас жігіт өзіне қажет құжаттарды алғаннан кейін қыздардың атынан 150-250 мың теңге көлемінде онлайн кредит рәсімдеген. Содан кейін картаға келіп түскен ақшаны басқа шотқа жіберуін өтінген. Алаяқ жігіттің құрығына бес қыз түсіп қалған.

"Дәл осындай жоспармен облыстық мектептің мұғалімі де әрекет еткен. Мектеп мұғалімі әріптестерінің жеке мәліметтеріне қол жеткізіп, онлайн режимде 1 миллион 200 мың теңге кредит рәсімдеген. Қазір 8 әріптесі полицияға арызбен жүгініп отыр", - деді полиция департаменті.

Барлық алаяқтық факт бойынша қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде