{metadescription}
Кәмелетке толмаған қызын күйеуге бергені үшін ер азамат жазаға тартылды

Кәмелетке толмаған қызын күйеуге бергені үшін ер азамат жазаға тартылды

Қырғызстанда Ош облысының тұрғыны 2 жыл бұрын кәмелетке толмаған қызын күйеуге бергені үшін бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстық іс былтырғы жылы Мәскеуде қозғалыпты. Ол кезде бойжеткен күйеуімен бірге ауруханаға түскен. Науқас қыздың 17 жаста екендігі, алдыңғы жылы оны ата-анасы тұрмысқа бергені анықталыпты. Қазір бойжеткеннің жасы 18-де екен, оның бір баласы бар көрінеді. 

Қыздың әкесі кәмелетке толмаған баласын күйеуге бергені үшін жазаға кесілген. Қырғыз азамат өз кінәсін мойындап отыр. Дегенмен бойжеткен тұрмысқа шығуға өз еркімен көнгендігін айтыпты. Сот екі жақтың сөзіне сүйене отырып, ер азаматты түрмеге отырғызудан бас тартып, шартты жазаға кесіпті. 

Қырғызстанда 2016 жылдан бастап кәмелетке толмаған балалардың некесін қиюға заңмен рұқсат берілмейді. Ал егер мұндай жағдай тіркелсе, жасөспірімнің ата-анасы да, некені қиған имам да жаауапкершілікке тартылады. Дегенмен балалардың ерте үйленуі мәселесі тек Қырғызстанда ғана орын алып отырған жоқ. Қазіргі таңда әлем бойынша бір күнде 37 мың баланың некелері қияылады екен. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде