{metadescription}
Миллионер асханадан бутерброд ұрлағаны үшін қызметінен кетті

Миллионер асханадан бутерброд ұрлағаны үшін қызметінен кетті

Citigroupинвестициялық банк кеңсе асханасында бутерброд ұрлады деп айыпталған трейдерді жұмыстан шығарды.

Citygroup инвестициялық банкінің трейдері Парас Шах Еуропадағы, Таяу Шығыстағы және Африкадағы жоғары кірісті қамтамасыз ету департаментін басқарды. Оның соңғы жылдағы жалақысы бонустарды қосқанда миллион фунттан асады.

Шах өткен айда қызметінен алынды, деп жазады Financial Times. Себебі, 31 жастағы қызметкер Canary Wharf компаниясының бас кеңсесіндегі корпоратив асханасынан бутербродтарды алып, оларды төлемеді деп айыптады. Мұндай жағда үнемі болған ба, жоқ па белгісіз.

BBC тілшілері Парас Шахпен LinkedIn әлеуметтік желісі арқылы байланысуға тырысты, бірақ оның профилі жойылғанға ұқсайды. Шах адал емес деген айыппен өзінің мансабын жоғалтқан алғашқы қызметкер емес. 2014 жылы BlackRock бас директоры Пол Барроуз Лондонға пойыз билеті үшін тұрақты төлем жасамағаны үшін қаржылық қызмет саласында жұмыс істеуге тыйым салынды.

Ұлыбританияның қаржылық реттеуші органы (FCA) Берроуздың басқаларға үлгі көрсетуі керек екенін және оның арам іс-әрекеті «өз лауазымындағы адамнан күтілетін жоғары стандарттарға сәйкес келмейді» деді. Парас Шах HSBC банкінде бірнеше жыл жұмыс істегеннен кейін, 2017 жылы Citigroup компаниясына жұмысқа тұрды. Ол компанияның топ-менеджерлеріне жылдық сыйақы төлеуден бірнеше апта бұрын қызметінен босатылды.

Шахтың міндеті «қалаусыз (қажетсіз) облигациялар» деп аталатын - несиелік рейтингтері төмен компаниялардың қауіпті активтерін сату болды. Сатып алу сәтті болған жағдайда, мұндай транзакцияларға салынған инвестициялардың қайтарымы өте жоғары, сондықтан бұл облигациялар жоғары кірісті деп саналады. Citigroup трейдерге қатысты айыптауларға түсінік беруден бас тартты.

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде