{metadescription}
Ақтауда ер адам көршілерін жәндіктерге арналған препаратпен уландырған

Ақтауда ер адам көршілерін жәндіктерге арналған препаратпен уландырған

Көршісінің кесірінен уланған екі бала Ақтау ауруханасына жеткізілген.

Үш адамның өмірі үшін күрескен дәрігерлер қазір олардың жағдайы жақсарғанын айтады. Ал эпидемиологтар бұл препаратты тұрғын үйлер мен жабық нысандарда пайдалануға болмайтынын ескертті. Юлия Молдован және оның 11,12 жастағы қыздары ауруханаға жеткізілген. Үйінен жағымсыз иіс сезген олар бара-бара бастары айалып, жүректері айныған.

Жедел жәрдем келген соң, олардың уланғаны белгілі болған. Жаңа көршілеріміз үй сатып алып, жөндеу жұмыстарын жүргізген. Кейін уландыратын дәрі сеуіп, есіктерін жауып кеткен. Төтенше жағдай қызметкерлері үй иесін тапты, олардан неге ескертпедіңдер дегенде, не үшін ескертуім керек, мен жәй ғана жәндіктерді уладым деп жауап берген. 

Көршісінің кесірінен бір өлімен аман қалған әйелдің қазіргі жағдайы жаман емес, алайда екі қызы ауруханадан әлі шықпаған.

"Түскен кезде жағдайлары ауыр болды. Жүректері айнып, бастары ауырды. Қазір жағдайлары қалыпты", - дейді емдеуші дәрігер Назгүл Қисықбаева.

Эпидемиолог мамандардың айтуынша, Юлияның көршісі қандалаға қарсы БИ-58 препаратын қолданған. Бұл препаратты тек ашық алаңқайда пайдалану қажет. Тұрғын үйдің ішінде қолдануға болмайды. Мұндай жағдай бірінші рет орын алмағандықтан, мамандар прокуратурадан улы препаратты стауға тыйым салуды сұрайды. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде