{metadescription}
Түркістанда жолаушылар такси жүргізушінің бетіне шанышқы тығып алған

Түркістанда жолаушылар такси жүргізушінің бетіне шанышқы тығып алған

Түркістан қаласында таксиге мінген жолаушылар жүргізушіні қорқытып, бетіне шанышқы тығып алған.

Екі жолаушыдан таяқ жеген жүргізуші көлігін тоқтатып, әрең дегенде қашып құтылған. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан қалалық полиция бөліміне такси жүргізушісі арызданған. Оның сөзінше, оқиға 12 ақпан таңғы сағат 7:15 шамасында болған. Белгісіз екі адам телефон арқылы такси шақырған соң жүргізуші көлігімен жетіп барған. Көлікке отырған жолаушылардың бірі мас болған.

Ол жолда таксиске тиіскен. Қалтасындағы шанышқымен бетін жарақаттаған соң жәбірленуші қашуға мәжбүр болды. Тәртіп сақшылары қылмыскерлерді жарты сағат ішінде ізін суытпай қолға түсірді. Олар жәбірленушінің көлігін әлі мініп жүрген екен. Тергеу барысында күдіктілердің екеуі де жергілікті тұрғындар болып шықты.

«Аталған жайт ҚР ҚК 200-бабы («Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз заңсыз иелену») бойынша тіркелді. Күдіктілердің бірі қамауға алынып, екіншісі қолхатпен босатылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - делінген хабарламада.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде