{metadescription}
Полицейлер жалаңаш ер адамды көп қабатты үйдің шатырынан түсірді

Полицейлер жалаңаш ер адамды көп қабатты үйдің шатырынан түсірді

Қарағандыда полицейлер жалаңаш ер адамды көп қабатты үйдің шатырынан түсірді.

Қарағандыда мас ер адам көп қабатты үйдің төбесіне көтеріліп, суықта жарты сағат отырған. Үйдің төбесіндегі мас және жалаңаш адамды көрші үйдің тұрғындары байқаған. Ол шатырдың шетінде отырып, төменге секіргісі келген. Бірақ оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлерінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алды. Олар шатырға көтеріліп, азаматты биіктен түсуге көндірді.

Сонымен қатар, полицияның өздері де сақтандырусыз әрекет еткендіктен, олардың өмірлеріне де қауіп төніпті. Куәгерлер тәртіп сақшыларының ерліктерін видеоға түсіріп, кейін әлеуметтік желілерге жариялады. Бейне бір сағат ішінде бірнеше мың қаралым жинап, желі қолданушылары қызметкерлердің жұмысына тәнті болды. Сондай-ақ, көбісі осындай ерліктің қауіпті екені туралы айтты.

«Төбесіндегі ер адам туралы сигнал 12 ақпанда кешке 102-ге келіп түсті. Дамир Оразов және машықтанушы Тимур Сұлтанғазы жақын маңда жүргендіктен сол жерге жол тартқан. Олар 31 жастағы ер адамды шатырдан түсіріп, оны дәрігерлердің қолына тапсырды», - деп хабарлайды Қарағанды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.

Оқиға  орнына келген дәрігерлер ер адамнан алкогольдік мастықты байқады. Олар сондай-ақ ер адамның саусақтары мен башпайлары бірінші дәрежелі үсік алғанын айтты. Оқиға қарсаңында ер адам үй мүшелерімен ұрысып қалғаны белгілі болды. Неліктен ол шатырдың басында іш киімі мен шұлығында болғандығы беймәлім. 

Дереккөз: stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде