{metadescription}
ҰҚК Атырауда әйелдер колониясының басшысын ұстады

ҰҚК Атырауда әйелдер колониясының басшысын ұстады

Атырау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері ұсталды, олар қамауға алынды.

Атырауда әйелдер колониясының басшысы мен бас есепшісі ұсталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп тексеріс жүргізген. Оның нәтижесі бойынша Атырау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/11 түзеу мекемесінің (әйелдер колониясы) бастығы мен бас есепшісі қарамағындағы қызметкерлерден сыйақы мен ынталандыру төлемдерінің бір бөлігін бірнеше мәрте алғаны белгілі болды.

"ҚР қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігі 1, 2, 4-тармақтары ("Пара алу")  бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - делінген хабарламада.

Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты ұсталғандарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын белгіледі. Қазіргі уақытта дәлелдеме базасын бекіту бойынша тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр. Басқа ақпарат қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне ("Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жариялауға жол бермеу") сәйкес жариялауға жатпайды, деді комитеттегілер.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде