{metadescription}
Коронавирус Ұлыбритания астанасына жетті

Коронавирус Ұлыбритания астанасына жетті

Коронавирус ауруы Ұлыбританияның Лондон қаласында тіркелді.

Ресми деректерге сәйкес, сырқаттанған адамдарың саны 9-ға жетіпті. Соңғы рет дертке шалдыққан әйел 12 ақпан күні ауруханаға келіпті. Ол қазір Лондонның ауруханасында ем қабылдап жатқан көрінеді. Науқас бірнеше күн бұрын Қытайдан оралған. Ресми өкілдер оның коронавирусты ҚХР-де жұқтырғанын растап отыр.

"Коронавируске жасалған сараптама нәтижесі оң болып шықты. Осылайша Ұлыбританияда ауруға шалдыққандардың саны 9-ға жетті", - деді Англияның бас санитар дәрігері Крис Уитти. 

Бұл жағдай елдің астанасында үрей туғызуы әбден мүмкін деп жазыпты британдық БАҚ өкілдері. Ұлибритания билігі науқастар қарым-қатынаста болған әрбір азаматты іздеуді қолға алыпты. Атап кетерлік жайт, коронавирусты жұқтырғандардың саны 48,2 мыңнан асыпты. Жұқпалы індет осы уақытқа дейін 1310 адамның өмірін жалмап үлгерген. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде