{metadescription}
Бейжіңде қалған азаматтардың екінші толқыны елімізге оралды

Бейжіңде қалған азаматтардың екінші толқыны елімізге оралды

Бүгін таңғы сағат 07.00 Алматы қаласындағы халықаралық әуежайға Бейжіңнен келген ұшақ қонды.

Бұл туралы ақпарат денсаулық сақтау министрлігің Facebook парақшасында жарияланды. Бүгін таңғы сағат 07.00 Алматы қаласындағы халықаралық әуежайға Бейжіңнен келген ұшақ қонды, ішінде 211 жолаушы бар, 171-і Қазақстан азаматы, ал 40 адам Қырғызстан азаматы. Келген жолаушылар карантинға жабылған.  

"Жерлестеріміз ұшақтан түсе сала инфекциялық сақтық шараларымен Алматыдғы көпсалалы клиникалық ауруханаға жеткізілді. Олар ауруханада 3 күн медициналық тексерістен өтіп, коронавирус пен ЖРВИ қарсы зертханалық анализдер тапсырады. Егер клиникалық көрсеткіштер болса – станционардағы тексеру мерзімі созылуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Қазір барлық жолаушылардың денсаулығы қанағаттанырлық. Дене қызуы жоқ. Ал Қырғызстанның 40 азаматы Бішкекке жеткізіліпті. Бұған дейін 217 қазақстандық Бейжіңнен эвакуацияланғаны жайлы айтылған еді. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде