{metadescription}
Қазақстанның алты өңірінде басшылар ауысты

Қазақстанның алты өңірінде басшылар ауысты

Бірқатар облыста, сондай-ақ оңтүстік астанада департамент басшылары ауысты.

Бұрынғы төрағалардың не себептен қызметтен кеткені хабарланған жоқ. Қазақстанның бес облысы мен Алматы қаласында қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің басшысы ауысты. Тиісті жарлыққа ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев президент әкімшілігімен келісілгеннен кейін қол қойды.

polisia.kz сайты хабарлағандай, кадрлық ауыс-түйіс мына өңірлерде болды:

Ақтөбе облысы бойынша – әділет полковнигі Алмас Әбжанұлы Шамишев;

Алматы облысы бойынша – әділет полковнигі Серік Жақсылықұлы Әбдікәрімов; 

Алматы қаласы бойынша – әділет полковнигі Дархан Тұрсынұлы Қанатбеков;

Батыс Қазақстан облысы бойынша – әділет полковнигі Азамат Әбдіғалиұлы Ізтілеуов;

Қарағанды облысы бойынша – әділет полковнигі Ғазиз Әбікенұлы Тәкешев; 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – әділет полковнигі Рустан Серікұлы Ахметжанов.

Тағайындалған басшылар бұрын облыстарда қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінде басшылық қызметтер атқарған. Құқық қорғау органдарында көпжылдық жұмыс тәжірибесі бар.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде