{metadescription}
Қазақстанға 19 тонна бұзылған киви жеткізілген

Қазақстанға 19 тонна бұзылған киви жеткізілген

Қостанай облысында улы зиянкестерге шалдыққан 19 тонна киви жемісі жеткізілген.

Бұзылған жемістер Қазақстанға Ираннан жеткізіліпті. Ресей мен Қазақстан шекарасының арасында жүргізілген тексерістің нәтижесінде 19 тонна кивиде тұт зиянкесінің жұмыртқаларын анықталыпты. Жағдайды өз қадағалауларына алған Челябинск қаласының мамандары бұзылған жемістердің анықталғандығын растап отыр. 

"Негізі зиянкестің киви жемісінде табылғанына байланысты үрейлернудің қажет жоқ. Себебі ол өнімнің сапасы мен тауарлық белгісіне әсер етпейді. Жәндіктің адам өміріне тигізетін қаупі де жоқ. Бірақ жемісті тұтынар кезде дұрыстап жуған жөн", - деді ресейлік мамандар.

Бұл жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Бұған дейін былтырғы жылы 73 тонна бұзылған киви шекарадан өтетін кезде анықталыпты. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде