{metadescription}
БҚО-да қос автокөлік соқтығысып, 4 адам жарақат алды

БҚО-да қос автокөлік соқтығысып, 4 адам жарақат алды

Батыс Қазақстан облысында қос автокөлік түйісіп, төрт адам жарақат алды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін түс әлетінде Орал-Кирсанов жолы бойында орын алды. «Toyota Hilux» автокөлігі «ГАЗель» автокөлігімен соқтығысты.

Жол апаты салдарынан төрт адам Бәйтерек ауданы Дариян ауылындағы ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша оның үшеуі жатқызылған. Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде