{metadescription}
Коронавирустан көз жұмғандар саны 1500-ден асты

Коронавирустан көз жұмғандар саны 1500-ден асты

8096 адам ауруынан айығып, ауруханадан шығарылды.

Синьхуа – ҚХР Денсаулық сақтау істері бойынша комитеті сенбі күні елдің 31 әкімшілік провинциялық аймағынан және Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусынан коронавирус жұқтырудың жаңадан 2641 жағдайы тіркелгені және тағы 143 адамның көз жұмғаны туралы мәлімет алған.

14 ақпан күнінің соңындағы мәліметтер бойынша, 31 әкімшілік провинциялық аймақ пен Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусында коронавирустың жаңа түріне шалдығудың расталған жағдайлары барлығы 66 492 адамды құрады. Індеттен осы күнге дейін 1523 адам қаза тапты.

«11 053 науқастың жағдайы ауыр, вирусты жұқтырды деген күдікпен 8969 адам тексеріліп жатыр. Жұманың соңындағы мәлімет бойынша, 8096 адам ауруынан айығып, ауруханадан шығарылды. Науқастармен байланыста болған 513 183 адам дәрігерлердің қатаң бақылауында болып, 30 081-інен медициналық бақылау алынды», - делінген мәліметте.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде