{metadescription}
Атырау облысында бес вагон рельстен шығып кетті

Атырау облысында бес вагон рельстен шығып кетті

Рельстен шыққан вагондардың видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.

Төтенше жағдай Атырау облысының Индер ауданында орын алды. Гипсокартон мен құрғақ қоспа тиелген вагондар жеке иеліктегі теміржолмен жүріп келе жатқан. Ешкім зардап шеккен жоқ.

«Вагондардың неліктен рельстен шығып кеткенін облыстық көлік инспекциясы анықтап жатыр. Тексеріс аяқталған соң кінәлілерді әкімшілік жазаға тарту мәелесі шешіледі», - деп хабарлады Атырау облыстық көлік прокуратурасының өкілдері.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде