{metadescription}
Бірнеше облыста және Нұр-Сұлтанда дабылды ескерту жарияланды

Бірнеше облыста және Нұр-Сұлтанда дабылды ескерту жарияланды

Синоптиктер бірнеше өңірде ауа райы бұзылатынын хабарлады.

Тұман түсіп, қар жауады, көктайғақ болады, кей жерлерде қатты жел соғады. Бес облыста және Нұр-Сұлтан қаласында ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды. 16 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында қар, кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Петропавл қаласында күндіз қар жауады, көктайғақ күтіледі. Түркістан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақмола облысының басым бөлігінде күндіз жауын-шашын (көбінесе қар) түседі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде күші - 15-20 м/с. Көкшетауда күндіз көктайғақ күтіледі. Қостанай облысының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Алматы облысының басым бөлігінде күндіз жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан батысқа ауысатын желдің күші - 17-22 м/с, түнде Жалаңашкөл аймағында 30 м/с-ке дейін жетеді. Нұр-Сұлтан қаласында 16 ақпанда тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде