{metadescription}
Қарағанды облысында көмір шахтасы өртенді

Қарағанды облысында көмір шахтасы өртенді

Өрт 100 метр тереңдікте болды. Өрт кезінде шахтада 116 адам болған.

Олар шұғыл түрде эвакуацияланды. Өрт Қарағанды облысы Шахтинск қаласының маңында орналасқан көмір шахтасында, 100 метр тереңдікте болды, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитеті.

"Өрт кезінде шахтада 116 адам болған. Олар сыртқа эвакуацияланды", - деп хабарлады Қазақстан ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті.

Оқиға 15 ақпан күні сағат 21:30-да тіркелген. Тілсіз жаумен күресуге өрт сөндіру қызметінің 60 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылған. Шахта "АрселорМитталТеміртау" АҚ-қа тиесілі.   

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.