{metadescription}
Коронавирустан көз жұмғандар саны 1775 адамға жетті

Коронавирустан көз жұмғандар саны 1775 адамға жетті

Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 1775 адамға жетті, деп хабарлайды ҚХР Гигиена және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті.

Өткен тәулікте (16 ақпан сағат 24:00-дегі жағдай бойынша) материктік Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырудың 2048 жағдайы (Хубэй провинциясында -1933) анықталды, 105-і – көз жұмды (Хубэйде-100). Соңғы мәліметтер бойынша, ҚХР-да коронавирус жұқтыру жағдайларының расталған жалпы саны 70 мыңнан асты, қаза тапқаны - 1775, емделіп, ауруханадан шығарылғандары – 10 мыңнан астам адам.

Ресми статистикаға сәйкес, материктік Қытайда коронавируспен ауырғандар саны күн сайын эпидемияның ошағы болып саналатын Хубэй провинциясынан тыс жерлерде он үшінші күн қатарынан төмендеуде. Гонконгте коронавирус жұқтыру жағдайларының расталған 57 фактісі тіркелді, Макаода (Аомэнь) – 10, Тайванда – 20.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде