{metadescription}
Туристік ұшақ апатқа ұшырап, 4 адам мерт болды

Туристік ұшақ апатқа ұшырап, 4 адам мерт болды

16 ақпанда Францияның оңтүстігінде Piper PA-28 маркалы туристік ұшақ апатқа ұшырап, салдарынан 4 адам қаза болды. 

Ұшақ Ангулем қаласынан ұшып шыққан. Алайда, 13.00 шамасында Мийо-Ларзак аэродромының ұшу жолағына бірнеше шақырым қалған кезде Крессель қаласының маңында құлаған. 

Ұшақ апатының не себепті болғаны және жерге қонар кезде не себепті тұтанып кеткені анықталуда.  Оқыс оқиға салдарынан әуе кемесінің бортында болғандардың бәрі − ұшқыш пен 3 жолаушы қайтыс болды.

Ұшақ апатына қатысты тергеу амалдары басталды. Әуе апаттарын тергейтін француз бюросы оқиға орнына өз сарапшыларын жіберді.

Дереккөз: Baq.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде