{metadescription}
Тәтті бәліш жеуден жарысқа түскен қыз көз жұмды

Тәтті бәліш жеуден жарысқа түскен қыз көз жұмды

Мәскеудегі тамақтанатын орындардың бірінде тәтті тоқаш жегізу конкурсына қатысқан қыз тіл тартпай кетті.

Алдын ала болжам бойынша бойжеткен сайысқа түскенде бір уақытта аузына бірнеше бәліш салып, қақалып қайтыс болған. Қасында болғандардың ешқайсысы оған көмектесе алмаған, ал жедел жәрдем дәрігерлері қыздың өліп кеткенін айтқан. Өлімнің нақты себебі әлі айтылған жоқ. Ресей басылымдарының мәліметінше, қайтыс болған бойжеткеннің жасы жиырма үште болған.

Ал ресейлік Рен ТВ телеарнасының хабарлауынша, бойжеткен сырқат болған және оған ішімдік ішуге тыйым салынған екен. Аталған қайғылы оқиғадан хабардар тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы федералдық бақылау қызметінің бұрынғы басшысы, мемлекеттік дума депутаты Геннадий Онищенко тамақ жегізу конкурстарын қауіпті деп атап, оларды өткізуден бас тартуға шақырды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде