{metadescription}
Қазақстанда мас ағасының ойыны 5 жасар қыздың өмірін өксітті

Қазақстанда мас ағасының ойыны 5 жасар қыздың өмірін өксітті

Алматы облысында мас ағасының ойыны үшін 5 жасар қыз ауыр дертке шалдықты.

Анасының айтуынша, жедел жәрдем 20 минутта келген.

"Менің қызым талма ауруына (эпилепсия) бес жасында шалдықты. Күйеуімнің ағасы ішімдікке тойып алып, менің қызыммен ойнамақшы болды. Артынша одан "Американы көресің бе" деп, кенеттен баламның басың жоғары қарай көтеріп жіберді. Қызым шыңғырды да, талып қалды. Жедел жәрдем келіп жеткенше өзімді қоярға жер  таппадым", - дейді қыздың анасы.

Әйелдің сөзінше, күйеуінің туыстары болған жағдайға оның өзін кінәлай жөнеліпті. 

"Қызымды ауруханаға жатқызды. Екі күннен кейін эпилепсияның белігілері байқалды. Бұған туыстардың барлығы мені кінәлап отыр. Бірақ қайың ағама біреу ешнәрсе демеді.  Сол үшін өзімнің туған ауылымнан кетуге мәжбүр болдым. Күйеуім бізді тастап кетті. Қазір біздің жағдайымыз олар үшін маңызды емес", - деп қынжылды әйел. 

Бұған қоса ол бұрынғы жарының екінші әйел алып алғандығын қосты. 

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде