{metadescription}
Өскеменде ер адам моншада өртеніп кетті

Өскеменде ер адам моншада өртеніп кетті

Кеше Кожедуба көшесіндегі жер үйлердің бірінің ауласында өрт шығып, ер адам қаза болды.

Өрт сағат 17.00 шамасында жер үйдің ауласындағы моншада болған. Жалпы аумағы 18 шаршы метрді құрап отыр, деп хабарлайды Altaynews. Өрт сөндіру барысында моншадан ер адамның өртеніп кеткен мәйіті табылды. Оның 43 жастағы қала тұрғыны екені анықталды.

Моншада одан бөлек 38 жастағы әйел адам да болыпты. Өрт басталғанда ол моншадан шығып үлгерген. Бетін I-II деңгейдегі күйік шалған. Қазір әйел мамандандырылған облыстық ауруханада жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде