{metadescription}
Дүнгендер қауымдастығының басшысы Қордай оқиғасы жайлы мәлімдеме жасады

Дүнгендер қауымдастығының басшысы Қордай оқиғасы жайлы мәлімдеме жасады

Қазақстан дүнгендер қауымдастығының басшысы Хусей Дауров билікті елімізде қылаң берген ксенофобия мен ұлтшылдықтың проблемалары мен себептеріне үңіліп, нақты шара қабылдауға шақырды.

Ұйым жетекшісі өзінің Facebook парақшасында қазіргі Қордайдың фотосын жариялап, көптен күткен қардың түскенін хабарлады. Бірақ ұлпа қардың астында қайғылы оқиға іздерінің жатқанын еске салды. Сол кезде 11 адам қаза болып, 200-ден астамы жарақат алды.

"Кінәсі жоқ бейбіт адамдарды кім өлтіреді?", "Құқықтық мемлекет болып саналатын қазіргі Қазақстанда ондай жайттың орын алуы сұмдық қой!", "Шынымен де, бұны ұлы Абай, Шоқан Уәлиханов, Қожа Ахмет Яссауи, Абылай хан, Қасым хан, Төле би мен Қазыбек бидің ұрпақтары істеді ме?", "Жеті атасын білетін әрі батыр бабаларының абыройын бағалайтын, Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен эвакуацияланған миллиондаған адамға пана берген халықтың ізбасарлары жасады ма?",- деген сұрақтарды айтып кетті Хусей Дауров.

Осылайша ол болған жайтқа қазақтар кінәлі емес деді. 

"Жоқ!!! Мұны істеген қазақтар емес! Мұны ксенофобия мен ұлтшылдық ұрандарына жамылған қылмыскерлер мен қарақшылар, оңай олжаға көз алартқан тонаушылар, біздегі ұлтаралық келісім мен тұрақтылықтың қарсыластары орындады. Оларға түрлі-түсті төңкерістер технологиясымен шетелдің бұзақылары басшылық жасады. Ал қазақтар бізді керісінше құтқарды!", - деп қосты ол. 

Сөзінше, сол күні біреулер ауылды қиратып жатса, екіншілері тұрғындарды құтқарумен әлек болыпты. 

"Қазақтар бізді құтқарды! Қуаныш есімді фермер өз үйінде дүнгендердің бірнеше отбасын жасырып қалды. Айнұр, Азамат пен Соня деген дәрігерлер де тура солай істеп, балалары бар бірнеше отбасыны құтқарды. Егде жастағы бір әйел екі жігітті аман алып қалды да, өз үйінде шай берді. Ондай фактілер көп", - дейді Дауров.

Бұған қоса Хусей Дауров ахуалдың түпкілікті себептерін анықтауды ұсынды. 

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде