{metadescription}
Ғалымдар адам мәйіттерін тыңайтқыш ретінде қолдануға ұсыныс жасады

Ғалымдар адам мәйіттерін тыңайтқыш ретінде қолдануға ұсыныс жасады

Өлген адамның денелерінің компостқа (органикалық тыңайтқыш) айналуы қоршаған ортаға оң әсер етеді.

Мұндай тұжырымға американдық ғалымдар алты мәйітпен тәжірибе жасағаннан кейін келген. Америкалық ғалымдардың пікірінше, өлген адамдардың мәйіттерін жою болашақта үлкен экологиялық мәселе тудыруы мүмкін. Тәжірибе ретінде зерттеушілер өлі денелерді органикалық материалдармен араластырып, компостта қолданған.

Зерттеуде өлі адамның денелерін жою жақын арада үлкен экологиялық мәселеге айналуы мүмкін екендігі айтылған. Денені бальзамдау үшін көптеген улы сұйықтық қажет, ал кремация атмосфераға көп мөлшерде көмірқышқыл газын бөледі. Ғалымдардың айтуынша, компост жасау қоршаған ортаға жақсы әсер етеді.

Зерттеу басталғанға дейін ғалымдар мәдени және саяси қарама-қайшылықтарға тап болған. Мұндай эксперименттердің этикаға жатпайтындығы туралы мәселе әлі де ғылыми ортада талқылануда.

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде