{metadescription}
Алматы облысының бауырым зорлады деген әйелдің өтірігі шықты

Алматы облысының бауырым зорлады деген әйелдің өтірігі шықты

Алматы облысының полицейлері зорланғаны туралы жалған ақпарат берген әйелді әшкереледі.

"Алматы облысының тәртіп сақшылары арыз берушінің көрінеу жалған ақпарат жеткізгенін анықтап, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабының 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады", - деп хабарлайды облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Өткен жылдың тамыз айында 41 жастағы інісімен болған жанжалдан кейін, әйел кек алу мақсатында өз інісіне жала жапқан. Оның арызына сәйкес, ер адамға іздеу жарияланды. Ол үйінен 120 шақырым жерде шопан болып жұмыс істеген. Ол жақта ұялы байланыс болмаған. Ер адам табылғаннан кейін өзінің әпкесінің арызы бойынша іздестірілгеніне таңғалды.

48 жастағы әйелдің зорланғаны жалған болып шықты. Тергеу барысында ол өзінің кінәсіз екенін дәлелдеді. Көрінеу жалған ақпарат берген күдікті мекен-жайын өзгертпеу туралы қолхатпен босатылды. Енді сот бұл қылмысы үшін айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыруды қарастыратын жазаны анықтайды.


 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде