{metadescription}
Аз қозғалатын әйелдер диабетке шалдығуы мүмкін

Аз қозғалатын әйелдер диабетке шалдығуы мүмкін

Америкалық дәрігерлер әйелдерде екінші типтегі диабеттің пайда болу себебін анықтады.

Зерттеушілердің айтуынша, олар егде және орта жастағы 500 әйелдерді жинап, нәзік жандыларға акселерометрлермен бекітілген белбеулерді тапсырып, бірнеше апта бойы өмірлерін бақылаған. Ғалымдар осы құрылғының арқасында әйелдердің орнынан тұрмай, күніне қаншалықты орындықта не диванда отыратынын, олардың қозғалысын бақылауға мүмкіндік алыпты.

"Зерттеу қорытындысы бойынша, аз қозғалатын әйелдердің қанында инсулиннің көп болғаны анықталды. Қозғалмаған әйелдің адамның (Еуропа елдеріндегі) қанындағы инсулин әр 15 минут сайын бір пайызға көбейсе, Латын Америкасындағы әйелдердің қанындағы инсулин 5 пайызға көбейеді", - делінген зерттеуде.

Ал әйелдер орнынан тұрып, қандай да бір қозғалыс жасағанда, инсулиннің айтарлықтай төмендегені айтылады. Дәрігердің айтуынша, әдетте егде жастағы әйелдерде диабетке шалдығу қаупі жоғары. Сол себепті ғалымдар әйелдерге, әсіресе егде жастағы ханымдарға орнынан жиі тұрып, көп отырмауға кеңес береді. Олардың айтуынша, бір орында отырмау үшін спортпен шұғылдану міндетті емес, үйіңізге тазалық жүргізіп не болмаса тамақ дайындасаңыз да жеткілікті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

08 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде