{metadescription}
Қордайда полицейлерге шабуыл жасаған ағайынды 3 жігіт қамалды

Қордайда полицейлерге шабуыл жасаған ағайынды 3 жігіт қамалды

Қордай ауданының полиция қызметкерлеріне зорлық-зомбылық жасау ісі бойынша тергеу аяқталды.

Құзырлы органның хабарлауынша, 7 ақпанда Жамбыл облысының Қордай ауданы Сортөбе аулында жол полициясының қызметкерлері Л.Воингуй есімді азамат отырған Honda Odyssey автокөлігін тоқтатқан.

"Көліктің құжаттары болмағандықтан, Л.Воингуйға полиция бөліміне бару ұсынылады. Алайда, ол полиция қызметкерінің талаптарын орындамай, үйіне қарай бет алған. Ол жақта ағалары А. Воингуй және М. Воингуймен бірлесіп, полицейлерге қарсы зорлық-зомбылық жасаған. Осы оқиғаның видеосы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тарап кеткен", - делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша Бас прокуратураның арнайы прокуроры Қылмыстық кодекстің 380-бабы 1-бөлігі, яғни "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін жүргізді. Үш айыпталушы кінәсін толық мойындап, тергеу сотының келісімімен қамауға алынды. 14 ақпанда қылмыстық іс айыптау актісімен Қордай аудандық сотына жіберілді, деп хабарлады құзырлы ведомствадағылар.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде