{metadescription}
Ақмолада жүрдек пойыз қараусыз қалған 11 жылқыны қағып өткен

Ақмолада жүрдек пойыз қараусыз қалған 11 жылқыны қағып өткен

Ақмола облысында бір үйір жылқыны жолаушылар пойыздың астында қалды.

«Петропавл-Қызылорда» бағытындағы жолаушылар пойызының машинисі «Аршалы-Анар» аралығында жайылып жүрген 11 бас жылқыны қағып өткен. Оқиға түнде болған. Қазір аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалып, жылқылардың иесін анықтау бойынша іздестіру іс-шараларын жүрізілуде. Көлік полициясы қараусыз қалған малдардың пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін тағы да ескертеді.

Азаматтар үй жануарларын жаю ережелерін мүлтіксіз сақтауы және темір жол маңында олардың жүруіне жол бермеулері тиіс дейді жол сақшылары. Полиция мәліметіне сәйкес, Ағымдағы жылдың басынан бері пойыздарды шұғыл тежеудің 214 фактісі тіркелген, олардың 130-дан астамы темір жол үстіне малдардың шығып кетуімен байланысты болған. Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері барлық фактілер бойынша мал иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін оларды анықтау шараларын қолдануда. 

Дереккөз: polisia.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде