{metadescription}
Уханьдағы аурухананың бас дәрігері коронавирустан көз жұмды

Уханьдағы аурухананың бас дәрігері коронавирустан көз жұмды

Аурухана бас дәрігерінің өлімі Қытайдың орталық телевизиясы арқылы расталды.

Қытайда коронавирустан барлығы 1 868 адам қаза болды. Қытайдың Ухань қаласындағы госпитальдің бас дәрігері Лю Чжимин коронавирус салдарынан өкпесі қабынып, көз жұмды. Reuters хабарлауынша, дәрігер 18 ақпан, сейсенбі күні қайтыс болған. Бұқаралық ақпарат құралы Лю Чжимин коронавирустан көз жұмған бірінші медициналық мекеме басшысы екенін хабарлады. Қытайдың орталық телевизиясы оның өлімін растады.

Ақпан айының басында дәрігер Ли Вэньляннің көз жұмғаны туралы айтылған болатын. Ол 2019 жылдың желтоқсан айында жаңа коронавирус туралы алғаш рет ескерткендердің бірі болды. Ол вирусты жұқтырып, келесі күні қайтыс болды. 18 ақпандағы мәлімет бойынша Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны 1 868 адамға жетті. 12,5 мың адам дерттен айықты. 

Соңғы бір тәулікте вирустан 98 адам көз жұмды. 1 701 адам ауруханадан шығарылды. Коронавирустың жаңа типіне барлығы 72,4 мың адам шалдықты. Бір тәулікте олардың саны 1,8 мыңға жетті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде