{metadescription}
Қырғызстандық дүнгендер Қазақстанға азық-түлік пен ақша тасуда

Қырғызстандық дүнгендер Қазақстанға азық-түлік пен ақша тасуда

Қордай ауданының ауылдарындағы жағдай қазір тұрақтанып келеді.

Жергілікті тұрғындардың тыныштығын тәртіп сақшылары күзетуде. Қордайлық ауылдарда бірнеше жеңіл көлік мінген жүргізушілер жергілікті халықтарға азық-түлік пен қажетті тұрмыстық заттарды таратып жүр екен, деп жазады stan.kz. Осылайша олар зардап шеккендерге көмектескілері келетіндігін айтты.

"Біз Қырғызстанның Миляфан дейтін дүнгендер қоныстанған ауылынанбыз. Өзіміздің бауырларымыздың жағдайын есітп, оларға жәрдемдескіміз келді. Олар бізге жат емес, бұл ауылда таныстарымыз бен туыстарымыз ба. Менің өзім Масанчиде туып-өстім, ағылшын тілінің мұғалімімін. Бұл жерде менің ағам тұратын, мектеп директоры болып жұмыс істейді. Бірақ оның үйін өртеп жіберген. Сол себепті ол Қырғызстанның Тоқмақ қаласына өтіп кетті. Масанчиге оралмады. Бірақ басқалары Қазақстанға қайтып келіп жатыр. Біз мың бөлке нан пісіріп әкелдік. Бұған қоса тұрғындарға түрлі дақылдар, күріш, төсек жабдықтарын, жөргектер мен 10 мың сом (шамамен 54 000 теңге) ақша бердік", - деп қосты Халима Щимарова. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде