{metadescription}
Орал тұрғыны аурухананы өртеп жіберді

Орал тұрғыны аурухананы өртеп жіберді

Медициналық мекемеден 20 науқас эвакуацияланды, оның төртеуі кәмелетке толмаған балалар.

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Оралдың қырық екі жастағы тұрғыны аудандық ауруханаға өрт қойды. Ер адам Тасқала ауданының орталық аудандық ауруханасының терапия бөлімшесінің №8 палатасындағы төсенішті өртеген. Қарағанды облысында жас жігіт анасын өртеп жіберді. Осыдан кейін ер адам екінші қабаттың терезесінен секіріп түсіп, ізін суытқан. Полицейлер оны іздеп жатыр.

"Өрт аумағы 15 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 06.16-да сөндірілді. Оқиға орнында 11 өрт сөндіруші мен үш техника жұмыс істеді", - деп мәлімдеді Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ауруханадан 20 науқас, оның ішінде төрт бала мен медициналық мекеменің сегіз қызметкері эвакуацияланды. Екі адам құтқарылды, олардың бірі – бала.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде