{metadescription}
Ауыр атлет Артем Антропов Ташкентте жасөспірімдер арасында алтын алды

Ауыр атлет Артем Антропов Ташкентте жасөспірімдер арасында алтын алды

Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Артем Антропов 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды.

Қарағанды ауыр атлетика мектебінің тәрбиеленушісі берілген алты мүмкіндікті сәтті пайдаланып, қоссайыс қорытындысы бойынша (155+210) 365 келі көтерді, сөйтіп қарсыласынан 19 келіге озып кетті. Екінші орын ирандық Ирана Хаджавант Афшин Тахерида – 346 келі (160+186), ал сириялық АльгаферЭзеддин 333 келі көтеріп (148+185), қолаға қол жеткізді.

Өзбекстанда жарысқа шығатын 10 спортшыдан 102 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Рахат Бекболат қана қалды. Еске сала кетейік, ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында 13-20 ақпан аралығында өтіп жатыр. Азия құрлығының 20 елінен 14 қыздар және 18 ерлер командасы қатысады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде