{metadescription}
Ер адам ауруханаға өрт қойып, терезеден секіріп кеткен

Ер адам ауруханаға өрт қойып, терезеден секіріп кеткен

Ауруханаға өрт қойып, терезеден секіріп кеткен күдікті ұсталды. 

Батыс Қазақстан облысында ауруханаға өрт қойып қашып кеткен азамат ұсталды. Ол Тасқала ауданының 41 жастағы тұрғыны болып шықты. 

"Заң бұзушы ұсталды. Ол Орал қаласының психиатриялық ауруханасына жатқызылды. Сонымен қатар бұл фактіге байланысты ҚР ҚК 202 бабының екінші бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды", - дейді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Өзге біреудің мүлкін бүлдіріп, өртегені үшін оған ірі көлемде айыппұл салынуы, тіпті бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір азаматтың ақыл-есінің дұрыстығы анықталуда. Науқас өзі жатқан палатадағы матрасты өртеп, екінші қабаттан секіріп кеткен. Соның салдарынан ол бөлме толық отқа оранып, дәлізді қара түтін басқан. Зардап шеккендер жоқ. Қазір ауруханаға келтірілген шығын есептеліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.